Қаламгер Қалқаман Қарасайда қонақта болды

Қаламгер Қалқаман Қарасайда қонақта болды

Қарасай ауданында «Оқуға құштар мектеп» жобасын озық үлгіде, оқушылардың ынтасын арттыратындай және ел қызығатындай насихаттап жүрген білім ошақтарының бірі – Мерей ауылындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектеп. Күні кеше аталмыш мекемеде елге белгілі, талай хит әндердің авторы, сыршыл ақын Қалқаман Саринмен кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Гүлбану Бердібекова басшылық ететін мектеп ұжымы ақынды зор құрметпен күтіп алды. Мектеп фойесінде оқушылар ақынды қуана қарсы алып, оның жырларын жарыса жатқа айтты.

Айта кету керек, қонақ болып келген Қалқаман Айымғазыұлы бұл мектепке жалғыз келмеді. Онымен бірге Бағдат Мүбәрәк, Бауыржан Әлқожа сынды қаламгер достары мен талай ақын-жазушылардың шығармаларын кітап ретінде шығарып жүрген «Lantar Books» баспасының директоры Гүлжайна Жұмағұлова келді. Олар да ақынмен бірге қадірлі қонақтардың қатарынан табылып, құрметке бөленді.

Кездесу кешінің басты қонағы ақын Қалқаман Сарин алдымен мектеп ішіндегі бірқатар сыныпты аралап, оқушылармен емен-жарқын әңгімелесті.

Ал кездесу кешінің маңызды сәті ардагер-ұстаздар, жоғарғы сынып оқушылары және ата-аналар қауымы ақынды тағатсыздана күтіп отырған мектептің акт залында жалғасты.

Кеш барысында ақынның отты жырлары оқылып, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қаламгердің шығармалары қалай насихатталғаны айтылды. Сонымен қатар, Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған әуезді әндер шырқалып, рухты өлеңдері дәріптелді.

Бұл кеште қаламгер келген қонақтармен сырласып, сахна төріне шығып, түрлі сауалға жауап берді. Қонақ кәде ретінде «Аузынан айдың түскен қыз» әнін ерекше орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Әдеби кештің тағы бір ерекше тұсы тұсаукесерге де ұласты. Ақынды асыға күткен ата-аналар балаларының тұсауын кестіріп, поэзия адамының жолын берсін деген ниетпен батасын алды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях