Алакөлде гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам қайтыс болды

Алакөлде гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысындағы «Алакөл» демалыс орнында гидроцикл қаққан ер адам қайтыс болды деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

8 тамыз күні орын алған қайғылы жағдай салдарынан ер азамат көз жұмды. Түркістан облысының тұрғынының қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай қалған 27 жастағы әйел гидроциклмен ер адамды қаққаны белгілі болды. Ал марқұмның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабардар етті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях