Афроамерикандық әйел АҚШ президенті атануы мүмкін  

Афроамерикандық әйел АҚШ президенті атануы мүмкін   

АҚШ-тағы Демократиялық партия съезінің үшінші күні өтіп жатыр. Жиынға АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама мен 2016 жылы Демократтардың атынан кандидат болған Хиллари Клинтон қатысуда, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында айтылып жатқан басты тақырыптарының бірі жақында ғана Джо Байденнің вице-президенті атанған сенатор Камала Харрис жайлы. Джо Байден АҚШ-тың 46-президенті атанса, Камала Харрис ел тарихындағы ең алғашқы әйел вице-президент болады. Нәсіларалық қақтығыстар ушығып тұрған уақытта қара нәсілді кандидатты вице-президентікке ұсыну Джо Байден тарапынан жасалған дұрыс саяси шешім дейді мамандар. 2017 жылы Сенатқа өткен Камала Харрис бұған дейін талай жылдар бойы құқық қорғау саласында еңбек еткен еді. Конгреске дейін Калифорния штатының прокуроры болып, полиция жүйесін реттеуге үлес қосты. Елдің иммиграциялық саясатын да кеңінен сынаған Камала Харис Конгрестегі ең көп дауыс жинаған сенаторлардың бірі дейді мамандар.

– Камала Харристің жұмыс тәжірибесі көңілді көншітеді. Мәселен, Калифорнияда қызмет атқарған жылдары есірткі саудасын түбегейлі жоюға барынша тырысып бақты. Қаржылық дағдарыстың салдарынан қаражаттарынан айырылып қалған американдықтарға, ақшасын қайтару үшін барын салды. Халыққа көмектесті. Менің ойымша, Камала Харрис президетке керек маман. Оның үстіне Камала Харис 2024 жылғы сайлауда Демократтардың атынан президентікке басты үміткер болуы мүмкін. Себебі Джо Байден екінші мерзімге сайланады деп ойламаймын, – деді саясаттанушы   Эйб Нелсон.

Естеріңізге сала кетейік, Джо Байден 2020 жылдың 3 қарашасында өтетін президенттік сайлауда демократтардың атынан кандидат ретінде ресми түрде таңдалған еді. Дүйсенбіде басталған Демократиялық партияның съезінде виртуалды дауыс берумен 50 штат пен аймақтардың губернаторлары бір ауыздан Джо Байденнің кандидатурасын қолдады.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях