#AdamBolAwards: Әлия Назарбаева жаңа жоба бастады

#AdamBolAwards: Әлия Назарбаева жаңа жоба бастады

Әлия Назарбаева жаңа ADAM BOL AWARDS 2020— жобасын ашты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы holanews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Жоба авторының айтуынша, оған Қазақстанның кез-келген азаматы қатыса алады.

«Бұл жобада еліміздің кез-келген азаматы өзінің ерлігі туралы айта алады: адамдарды, жануарларды, табиғатты құтқару немесе әлеуметтік маңызды оқиғаға атсалысу, мұқтаж адамдарға көмек көрсету секілді. Иә, әрине, кейде мұндай адамдар өзінің ерлігі туралы айта алмауы мүмкін. Сондай жағдайлар сіздер, олардың жақындары, таныстары, достары, көршілері, әріптестері оның кішкентай болса да, адами ерлігі туралы баяндап бере аласыз»,-деп жазды Әлия Назарбаева.

Назарбаеваның жазуынша, жобаның негізгі идеясына ұлы Абайдың «Адам бол» деген сөздері түрткі болған.

«Бұл жоба елдің және әлемің барлық азаматтарына ұнайды деген сенімдемін. Нағыз Адамдарды мақтау мен марапат күтіп тұр», делінген жазбада.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях