АҚШ-та әр 17 минут сайын бір адам жан тапсырады

АҚШ-та әр 17 минут сайын бір адам жан тапсырады

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар мен осы індеттен қайтыс болғандардың саны артты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желіліr басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, ел аумағы бойынша 122 мың 600-ден астам адам COVID-19 аурына шалдыққан. Ал, 2 мың 147 тұрғын көз жұмды. Ең көп адам шығыны Нью-Йоркте тіркеліп отыр. Сарапшылардың айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде әр 17 минут сайын бір адам жан тапсырады.
АҚШ дәрігерлері коронавирусты 15 минутта анықтайтын тест пайда болғанын айтады. Естеріңізге салайық, қазір аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды. Жергілікті билік Нью-Йорк, Нью-Джерси мен Коннектикуттың кейбір аудандарын карантинге жабуды жоспарлап отыр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях