95 жастағы қария коронавирусты жеңіп шықты

95 жастағы қария коронавирусты жеңіп шықты

Алматы қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 95 жастағы қария COVID-19-дан жазылып шықты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Емделуші ауруханаға түскенде тексеру барысында компьютерлік томография өкпенің 70% зақымдалғанын анықтап, екі жақты полисегментарлы пневмония диагнозы қойылған болатын. 95 жастағы қарияда жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, артериялық гипертензия, ми қан тамырларының жас патологиясы, қан айналымының бұзылуы және үдемелі дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты көптеген ілеспе аурулары болған. Сырқат 18 күн бойы стационарда емделген. Оның ішінде 8 күн науқасқа қосымша респираторлық қолдау көрсетілді.

– Сондай-ақ, тағы бір нәрсені айта кеткім келеді – адамның аурудан жазылуы оның ішкі жағдайына, оның өмір сүруге, отбасына, жақындарына оралуға деген ниетіне де байланысты. Бұл – біздің стационарымыздағы ең жасамыс науқас, ол коронавирусты жеңді, –  дейді дәрігер-реаниматолог Бауыржан Сәрсембаев.

Сырқатынан сауығып шыққан ақсақал клиниканың барлық медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, оларды нағыз батырлар деп баға берді. Ақ халатты абзал жандарға бақыт, денсаулық және осы пандемиямен күресуде шыдамдылық тіледі.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях