2020 жылдан бастап…

2020 жылдан бастап…

Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылдың соңына дейін еліміз бойынша түрлі саланы қамтитын өзгерістердің жобалары қамтылып, олардың бірқатары министрліктердің тарапынан көпшілікке таныстырылған болатын. Ендеше, келіп жеткен жаңа жылдың қарсаңында осынау айтулы да айшықты өзгерістердің ең бастыларын оқырман назарына ұсынсақ дейміз.

2020 жылдың басты жағымды жаңалығы – көп балалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы. Нақты айтқанда, кәмелетке толмаған төрт және одан да көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент атанған балалары бар отбасылар жәрдемақының осы түрін ала алады. Мемлекет тарапынан төленетін бұл қаржылай көмектің  бала санына байланысты төмендегідей сарапталады:

  • төрт балаға – 42 500 тг;
  • бес балаға – 53 125 тг;
  • алты балаға – 63 750 тг;
  • жеті және одан да көп балаға – 74 375 тг.

Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті алу жүйесі өзгереді. Енді АӘК бұрынғыдай алты немесе 12 айға емес, тоқсан сайын төленеді. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, онда АӘК бүкіл отбасыға тоқтатылады. Сондай-ақ, АӘК алып жүрген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Нақты түсіндірсек, ол былай: мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік және гигиеналық құралдармен қамтылса, мектеп жасындағы оқушыларға тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу құралдары беріледі және күнделікті мектепке барып-келуге жұмсалатын жол шығыны өтеледі.

2020 жылдың тағы бір көңіл қуантарлық өзгерістердің бірі – жалақының өсуі. 1 шілдеден бастап бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы 30%-ға өссе, келер жылдың 1 қаңтарынан мұғалімдер қауымының жалақысы 25%-ға, мәдениет саласында қызмет ететіндердің айлық табысы 35-50% шамасы аралығында жоғарылайды. Ал, әлеуметтік саланың мамандары 30-60%-ға көтерілетін жалақы алуы мүмкін.

Студенттер үшін қуанышты хабар – 2020 жылда өсетін шәкіртақы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанаты мен Волонтер жылының ашылуы қарсаңында 1 қаңтардан бастап студенттердің шәкіртақысы 25%-ға көтерілетінін айтқан. Оның ішінде бакалавриат, магистратура және докторантура білімгерлерінің барлығы да қамтылған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях