200 теңгелік тиындар айналымға шықты

200 теңгелік тиындар айналымға шықты

  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бүгін 2020 жылғы үлгідегі номиналдық құны 200 теңгелік тиындарды айналымға шығарды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Монетаның  дизайны Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 жарлығында бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалды. Ал,  стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтерінің үйлесімі көрініс береді. Монетаның  сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Ал, қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген. Монеталардың сыртқы жағының (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазба бейнеленген. Төменгі жағында соғылған жылын білдіретін 2020 деген жазу бар. Беткі жағының  орталық бөлігінде номиналын білдіретін цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған 200 деген жазу бар. Монетаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері. Ал, оң жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип) бейнеленген.

Монетаның техникалық сипаттамасы: нейзильбер/нибрасс массасы – 7,5 грамм,  сыртқы сақинасы – 26 миллиметр, ішкі дискі – 18,3 миллиметр, қалыңдығы – 1,90 миллиметр.

Айта кетейік, номиналы екі жүз теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және айналымнан табиғи тозу шамасына қарай алынады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях