15 млн теңгеге сатылған Шалқар ауылындағы ескі мектеп мемлекетке қайтарылады

15 млн теңгеге сатылған  Шалқар ауылындағы ескі мектеп мемлекетке қайтарылады

Күні кеше Парламент қабырғасында талқыланған Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылындағы ескі мектептің ғимаратына қатысты ақпараттар белгілі болды. Ел назарын аудартқан бұл мәселенің оңды шешілуі үшін тиісті жұмыстар осыдан үш ай бұрын басталған. Бұл туралы деректі Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов өзінің әлеуметтік парақшасында жария етті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай кеше Үкімет сағатында Шалқар ауылындағы М.Ломоносов атындағы 250 балаға арналған орта мектепті жекенің қолына өтіп, 15 млн теңгеге сатылғанын айтқан болатын. Осылайша халық қалаулысы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке ескі ғимаратты мемлекеттің игілігіне қайтару керек екенін жеткізді.

Ал Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов бұл ғимаратты мемлекеттің меншігіне қайтару бойынша жұмыстар осыдан үш ай бұрын басталғанын түсіндірді.

«Әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан Шалқар ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектебінің ескі ғимараты 2018 жылы 15 224 000 теңгеге сатылған. Бұл ғимаратты мемлекеттің  құзырына қайтару үшін менің тапсырмама сәйкес ағымдағы жылдың 9 наурызы күні Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз жолданды. Қосымша Қарасай аудандық прокуратурасы тарапынан Шалқар орта мектебінің ескі ғимараты бойынша қаулылардың күшін жоюға талап арыз берілді. Ағымдағы жылдың 25 мамырында және 2 маусымда сот отырыстары өткізілді. Айтайын дегенім, құрметті аудан тұрғындары, бұл жұмысты біз үш ай бұрын бастап қолға алғанбыз. Заңға сәйкес, мемлекетке қайтарып, ел игілігіне пайдаланамыз», –  деп түсіндірді аудан басшысы Жасұлан Тоққожаұлы.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях