1430.kz: карантин кезінде тәулік бойы медициналық онлайн-кеңес алыңыз  

1430.kz: карантин кезінде тәулік бойы медициналық онлайн-кеңес алыңыз   

Енді еліміздің барлық өңірлерінде дәрігерлер 1430.kz платформаға арқылы халыққа онлайн режимінде медициналық көмек көрсететін болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Әрбір қазақстандық тегін медициналық көмекті үйден, жұмыс орнынан шықпай-ақ, қай жерде болмасын ала алады. Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті. Дәрігер пациент анализдерінің нәтижелерін зерттеп, оның медициналық картасындағы жазбалармен алдын ала танысқаннан кейін, алдағы онлайн-кеңес туралы хабарлама алады. Осыдан кейін маман онлайн-қабылдау жүргізеді, ем-дом бойынша ұсыныстар беріп, қажет болған жағдайда тікелей қабылдауды тағайындай алады.

Бүгінде порталда 700-ден астам білікті дәрігер тіркелген, олар еліміздің барлық аймақтарындағы азаматтарға қашықтықтан медициналық көмек көрсетеді. Дәрігер туралы толық ақпарат порталда қолжетімді.

Портал әзірлеушісі Жандос Бақтыбаевтың айтуынша, күн сайын онлайн қызмет көрсету арқылы медициналық көмекке жүгінетін пациенттердің саны артып келеді. 1430.kz. пациенттер үшін, әсіресе карантин жағдайында, бұл уақытты үнемдеу, медициналық онлайн-қызметтердің қауіпсіздігі мен тиімділігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях