Әкімдер есеп берді

Әкімдер есеп берді

Кеше аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында қала, ауыл әкімдерінің I тоқсанда атқарған жұмыстары мен осы жылғы жоспары туралы тыңдалымы өтті. Округ басшыларының осы уақытқа дейінгі жүзеге асырғанын және жылдық жоспарға қаншалықты сәйкес әрекет етіп жатқандығын байқау мақсатында ұйымдастырылған жиынды аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ жүргізіп отырды. Сонымен қатар, тыңдалым жұмысына аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева, аппарат басшысы Мадияр Әмірғалиев және экономика бөлімінің басшысы Дулат Сансызбаев, аудандық басқарма мен бөлім басшылары да қатысты.

Бұл күні кезек- кезек шығып жүзеге асырған жұмыстары мен міндеттері жайлы баяндаған әкімдерге комиссия мүшелері өз тараптарынан нақты сауалдар қойды. Әсіресе, шешімін таппай тұрған түйткілді мәселелер сөз болды. Жалпы айтқанда, мектепке дейінгі жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету, тұрғын үй және жер мәселесін шешу, инвестиция тарту, егін мен мал шаруашылығына арналған шабындықтарды реттеу кеңінен талқыланды. Аудан әкімінің орынбасарлары кейбір істерді жүйелі атқаруға нақты тапсырмалар да берді. Тыңдалымда қанағаттандырарлық жауап бере алмаған кейбір округ әкімдері кемшіліктерін толықтырып, алдағы сейсенбі күні қайта есеп беретін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях