ФРОНТ-ОФИСТЕГІ ҚАБЫЛДАУ (Видео)

ФРОНТ-ОФИСТЕГІ ҚАБЫЛДАУ (Видео)

Елбасымыздың биылғы Жолдауында көрсетілген құқық саласына қатысты бағыттарды жүзеге асыру мақсатында еліміздің әр аймағындағы фронт-офистердің саны артып келеді. Жақында біздің аудандық полиция басқармасы жанынан да біз айтып отырған фронт-офис ашылған болатын. Полиция жұмысының ашықтығын көрсететін бұл шағын кеңсеге бүгін Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков арнайы келіп, арызданушы азаматтардың түйіткілді мәселелерін тыңдады. Өз кезегінде Нұрлан Сейсетайұлы арыз-шағымдарын айтып келген жандардың сұрақтарына толықтай жауап беріп, шешім жолдарын да нұсқады. Ал, өтініштерін білдіріп келген азаматтардың бірқатары фронт-офистің ыңғайлы екенін айтып, мәселелері қысқа уақыт аралықта қаралғанын да жеткізіп жатты.

Осылайша, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбековтің сағат 10-нан 12-ге дейін қабылдауында болған азаматтар, заң айналасында шешілетін сұрақтарына толықтай жауап ала білді. Бас-аяғы 20 шақты арызданушының түрлі өтініштері осы қызметтік кеңседе өз шешімдерін тапты деуге болады. Жалпы, заманға сай жабдықталған, өтініштер легі қысқа мерзімде қаралатын, қолжетімді бұл кеңсенің алдағы уақытта да халыққа тигізер пайдасы мол деп білеміз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях