Шығыс Қазақстандағы ұлттық табиғи қорықтарда сирек кездесетін түз тағылары жиі бой көрсетіп жүр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Олардың жайылып, қорек іздеп жүрген сәттері қорықшылар құрған фототұзақтарға түсіп қалған. Біраз күн бұрын Марқакөл қорығында сусардың бір түрі – құнудың да ізі байқалған. Ал, жақында Қатонқарағайдағы Сарымсақты жотасынан өте сирек кездесетін құдыр бейнетаспаға ілікті. Қорықшылар биылғы қыста қар қалың болғанымен үскірік аязды күндер аз болғанын айтады. Сондықтан жабайы аңдар мен жануарлардың өсіп өнуі үшін жайлы болды деп есептейді.