Жақын арада көлікті онлайн түрде тіркеу қызметі іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңашылдық автокөлік салонынан сатып алынған көліктерге қатысты. Егер Сіз көлігіңізді басқа азаматқа сатып, қайта тіркегіңіз келсе, оған да рұқсат. Оны электронды үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында жүзеге асырасыз. Барлық жайттар қазір өзге де сала мамандарымен нақтылануда. Брифинг барысында қызметтерді қашықтықтан алудың қазіргі көрсеткіштеріде сөз болды. Бүгінде әлеуметтік төлемді рәсімдеуге байланысты портал қолданушыларының қатары әдеттегіден 20 есеге дейін артқан. Мәселен, қазақстандықтар жүйеге бір сағатта 15 млн рет кіріпті. Интернет қызметін жақсарту бойынша келесідей шаралар қолға алынуда.
– Қаланың интернет сапасы нашар жерлерінде қосымша базалық станция орнату мәселесі қала әкімшілігімен бірлесіп пысықталуда. Базалық станция орнату үшін электрмен жабдықталған жер бөлу керек. Қазір қалада бес жерде антен орнатылып, электрмен жабдықталды, – деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Дарын Тұяқов.