Елімізде бірінші шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгереді

Елімізде бірінші шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгереді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы   «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып.

2019 жылдың бірінші шілдесінен бастап компанияға қарасты барша бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады. Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни алып-сатарларға жемқорлықпен айналусыға бөгет болады.

– Жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейтінін ескертеміз. Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді. Егер де билетсіз отырған жолаушы не болмаса заңсыз рәсімделген жүк тасымалына тап болсаңыз, фотобейне түсіріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директорының блогына (http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберулеріңізді сұраймыз! – деген Ұлттық тасымалдаушы компания алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях