Елена Малышева: «Қазақстандық дәрігерлерге браво!»

Елена Малышева: «Қазақстандық дәрігерлерге браво!»

Коронавируспен күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлерге танымал ресейлік тележүргізуші, медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева қолдау білдірді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында Малышева қазақстандық дәрігерлердің жұмысына таңғалысын жасырмады.

– Мен шын жүректен айтып тұрмын: менің Қазақстаннан оралған мәскелік дәрігерлер тобындағы достарымның бәрі қазақстандық дәрігерлерге таңғалғанын жасырмады. Олар – батырлар, өз ісіне берілген, нағыз батылдар. Қазақстан, сіздердің дәрігерлеріңізге браво, браво. Олар денсаулық сақтаудың ескі жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бәлкім мен дұрыс білмеуім мүмкін. Бәріміз медицина ескі, жөндеу жұмысы жүрмеген ғимаратта орналасқан посткеңес елденбіз. Шындықтың беті ашылды. Енді бәрін медицинаның дамуы үшін істеу керек. Біз Қазақстанға жылы көзқараспен, ал дәрігерлерге құрметпен қараймыз, – деді Малышева.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях