ДДСҰ: «Қазақстан коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарында»

ДДСҰ: «Қазақстан коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарында»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына жатқызды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге Еуропа елдерінде шектеу шаралары алынғаннан кейін коронавирус жұқтырғандардың көбейгенін және оның салдары денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіре алатынын айтқан.
Ол қай елдерді айтып тұрғанын және қандай да бір нақты деректерді айтпады.
Кейін ДДҰ Армения, Швеция, Молдава, Солтүстік Македония, Әзербайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина және Косово COVID-19 жаппай тез тарап жатқан елдер деп хабарлады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях