COVID-19: Францияда вакцинаның үшінші дозасы салынбақ

COVID-19: Францияда вакцинаның үшінші дозасы салынбақ

Францияда егде жастағы француздар мен денсаулығы нашар адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасының салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ақпаратты сол елдің Президенті Эммануэль Макрон Instagram парақшасында жариялады.

«Жан-жағынан алып қарағанда, денсаулығы әлсіз және егде жастағы адамдарға вакцинаның үшінші дозасын салу қажет. Біз бұл іске дайындық үстіндеміз. Күздің басынан бастай аламыз», — деді Макрон.

Француз президенті қазіргі уақытта Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Брегансон фортындағы жазғы резиденциясында демалыста. Сол жерден аптаның басынан бері әлеуметтік желілерде француздармен елді коронавирустан қорғау және биліктің жаңа шаралары туралы белсенді түрде талқылау жүргізеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях