Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Таяуда аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс 59-шы сессиясы онлайн режимінде ұйымдастырылды. Аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Атлана Исаеваның төрағалығымен өткен мәжіліске «Zoom» қосымшасы арқылы 13 депутат қатысып, күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер талқыланды.
Нақтырақ айтқанда, жиын барысында негізгі екі мәселе қарастырылды. Олар: ауданда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен оны өткізу тәртіптері мен Қаскелең қаласының жаңа көшелеріне атау беру және тұйық көшелерді қайта атау. Сессия барысында жоғарыда аталған осы екі мәселе егжей-тегжейлі талқыланып, шешімдері қабылданды.
Сондай-ақ, сессия барысында күн тәртібіндегі өзге де мәселелер қаралды.