Балаларға вакцина міндетті бола ма? Цой жауап берді  

Балаларға вакцина міндетті бола ма? Цой жауап берді   

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға вакцина салу ерікті түрде болатынын айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, балалардың да вакцина салдыру құқығы болуы керек.

«Қазір тек ересектер екпе салдыра алады. Балаларға қанша уақытта вакцина салып бітіретінімізді айта алмаймыз, себебі ол ерікті түрде, тек ата-анасының келісімімен болады. Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Қазір ата-аналар жиі хабарласып, баласына вакцина салдырғысы келетінін айтады. Өкінішке қарай, Қазақстанда ол вакциналар жоқ. Балаларға салуға ұсынылған вакцина болған кезде оны қамтамасыз етеміз. Елімізде 2 миллион бала бар, бұл жерде мәселе — қанша ата-ана баласына вакцина салдырғысы келетінінде», — деді Цой ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Журналистің «Бала мектепке баруы үшін міндетті вакцина болмай ма?» деген сұрағына Цой «Бәрі тек ерікті түрде, ата-анасының келісімімен болатынын» айтты.

Еске салайық, Алексей Цой бұған дейін Қазақстанда 12-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді Pfizer/BioNTech препаратымен вакциналау жоспары туралы айтқан болатын.

«12 жастан бастап Pfizer вакцинасын қолдану ұсынылды. Біз 12 жастан асқандарды назарға алып отырмыз. Балалар жасына назар аудара отырып, олар вакцина салдыруға мүмкіндік алады. Тиісінше, азаматтар вакциналау керек пе, жоқ па — мұны өздері шешеді, бірақ біз вакцина алуға шақырамыз, өйткені вакцина көмектеседі. Өкінішке қарай, жаңа штамдар балаларға әсер етеді», — деген еді министр «Хабар 24» телеарнасында тікелей эфирде.

Ал жоғарыда аталған Pfizer вакцинасы елге жыл соңына қарай 2 миллион дозамен келуі мүмкін.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях