Балабақшаға баратын балалардың ата-аналары вакцина салуға міндетті ме?

Балабақшаға баратын балалардың ата-аналары вакцина салуға міндетті ме?

Балабақшада білім алатын балалардың ата-анасында «Ashyq» қосымшасында «көк» немесе «жасыл» статус болса жеткілікті. Ал, балалар ешбір шектеусіз балабақшаға бара алады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бұл туралы ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде белгілі болды.

«Қаулыда мектепке дейінгі ұйымдарға баратын бүлдіршіндердің ата-анасын вакцина алуға міндеттеу туралы жазылмаған», — деп түсіндірді комитет.

Ведомствоның ресми мәлімдемесіне сүйенсек, бас санитарлық дәрігер қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдар, оқу-өндірістік комбинаттар, білім беру орталықтарының қызметкерлері ғана вакцина салдыруға міндетті. Бұл соңғы үш айда коронавируспен ауырған және медициналық тұрғыдан вакцина алуға болмайтындарға қатысты емес.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях