Азаматтығы жоқ қандастарға да 42 500 теңге беріледі

Азаматтығы жоқ қандастарға да 42 500 теңге беріледі

Қазақстан азаматтығын алмаған, бірақ оралман мәртебесі бар қандастарға 42 500 теңге беріледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

–Тұрақты тіркеуде тұрып оралман мәртебесі бар қазақтар құқықтары жағынан тұрғылықты азаматтармен тең. Оларға ешқандай кедергі жоқ және Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі. Егер жұмыс істеп жүріп, табысынан шектеулер салдарынан айырылған болса, ол 42 500 теңге алады, — деп жазды Сырымбек Төлеуұлы.

Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған санаттағы азаматтардың 42 500 теңгелік төлемді ала алатынын растады. Министрліктің баспасөз хатшысы Александр Кононецтің мәлімдеуінше, аталған әлеумттік төлемді қазақстан азаматы болсын, қандас болсын алуға мүмкіндігі бар. Бастысы ол бұған дейін ресми түрде жұмыс істеп, табысының жоғалтқаны расталуы тиіс.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях