Ауданымыздағы «Diamant» тауарлы өнімі (Видео)

Ауданымыздағы «Diamant» тауарлы өнімі (Видео)

Адал еңбек, қажырлы қайрат толағай табыс пен жемісті жетістікке жетелейтіні сөзсіз. Оған дәлел, мына бір ерекше өндіріс орны. Осы уақытқа дейін жалдамалы жерде қатпарлы қамырларын өндіріп келген кәсіпорын, бүгін ауданымызда өздерінің жаңа жеке ғимаратын ашып, тұсауын кесті.

Райымбек ауылдық округінде іргетасы қаланған кәсіптік ортаның салтанатты рәсіміне аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы өзі қатысып, өндіріс орнының ұжымына сәттілік тіледі. «Diamant» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі отбасылық  кәсіп ретінде құрылып, қазіргі таңда сапалы түрлі өнімдерін халық назарына ұсынып келеді. Алғашында шағын бизнестен бастаған Шульгин жанұясы келешекте ауқымы кең ғимаратты армандапты. Енді, сол қуанышты күнге жетіп, дәл бүгін жеке кәспорындарын іске қосты.

«Diamant» маркалы тауарлы өнімдері 20 түрлі қамырларды жасап шығарады. Оның ішінде бауырсаққа, бәлішке, тұшпараларға арналған қатпарлы-ашытқылары да бар. Тіпті, осыдан екі жыл бұрын алғаш елімізде алма, өрік, сүзбе дәмдеуіштерімен жасалатын тәтті  бөректерді жаңа өнім ретінде жасап шығарды.

Жалпы, бұл жаңа өндіріс орталығы барлық қойма орындарымен қосып есептегенде 200 мың шаршы метрді ауданды қамтиды. Мұнда өнім шығаруға арналған барлық жабдықтар стандартқа сай орнатылып, қауіпсіздік сақтық шаралары да толықтай ескерілген. Ал, қызметшілері екі ауысымды күн тәртібі арқылы жұмыстарын атқарып, асханадан екі мезгілді тегін тамақтана алады.  Кәсіпорынның ендігі  мақсаты ауқымы кең жаңа ғимараттың, әрі заманауи жабдықтардың тиімділігін пайдалана отырып, тәтті өнімдерін республикамыздың барлық өңіріне шығару.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях