Қаскелеңдегі «Қарлығаш» балабақшасы (Видео)

Қаскелеңдегі «Қарлығаш» балабақшасы (Видео)

Осыдан 3 ай бұрын тұсауы кесілген «Қарлығаш» балабақшасының ерекшелігі – ауданымызда алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы ашылуында. 150 балаға дейін қабылдайтын, әрі ауқымы кең бұл мекеменің ішкі және сыртқы көрінісі де көз тартады.  Сондай-ақ, бұл ғимарат білім беру стандартына сай балалардың ой-өрісінің дамуына арналған оқу бөлмелері және музыкалық, спорттық  хореографиялық  залдарымен қамтылған. Жалпы, бұл мекеме басқа балабақшалардай заманауи талапта сай  салынуымен қатар, ата-аналарға арналған өзіндік ерекшеліктері де бар. Атап айтқанда, оларға балаларын қадағалау үшін арнайы ақылы мобильді қосымшасы да қарастырылған.

Бүлдіршіндер үшін оқу-тәрбие жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, ал,  ағылшын  тілі қосымша сабақ ретінде үйретіледі.  Әрине сабақтарды білікті мамандар өткізетін болса, балалардың тазалығы мен қауіпсіздігіне тәрбиешінің көмекшісі жауапты.

Жалпы айтқанда, Қарлығаш балабақшасы сынды бой көтерген нысандар – мемлекет пен жекеменшік серіктестіктің бірлесе атқарған  жұмыстарының айқын дәлелі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях