Қарасай ауданында соңғы кездері қоғамдық көлікке қатысты мәселелер жақсы жағынан шешіліп келеді. Сондай жағымды жаңалықтардың бірі ретінде 3 сәуірден бастап Қаскелең қаласы бойынша №1 және №2А бағытында қатынайтын автобустардың іске қосылуын айтуға болады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Аталған маршруттардың жүруі Қарасай аудандық әкімдігінің субсидиялауы арқылы жүзеге асуда. Жол ақысы 80 теңге болмақ. Оқушылар үшін 50% жеңілдік қарастырылған, яғни, 40 теңге. Бір айта кетерлігі, жол ақысын қолма-қол төлеуден бөлек, арнайы арнайы төлем жүйесі арқылы кез келген банк карталарымен де төлеуге болады. Одан бөлек, QR-код арқылы да төлем енгізу қарастырылған. Ал автобустардың қала ішінде қатынау бағытын «Қаскелең автобус паркі» ЖШС-нің қызметкері Ерасыл Айтмухаметов түсіндірді.