Қарттар мейрамына арналған кеш

Қарттар мейрамына арналған кеш

Бүгін Қаскелең қаласындағы «Аққу» мейрамханасында Қарттар күніне орай үлкен мерекелік кеш өтті. Мұғалімдер күнімен тұспа-тұс келген мейрамға аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева, Қаскелең қаласының әкімі Әділбек Далабаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманова және ауданымыздың бірқатар зиялы ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымыз қатысты.

Іс-шара ҰОС ардагері, қарт ұстаз Сейітхан Исаевтің ақ батасымен ашылып, мерекелік сән салтанатқа ұласты. Аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары өздерінің арнайы дайындаған ән-шашуларын айтып, қонақтардың көңілін жадыратты. Мұнан соң, ортаға әртүрлі салада жоғарғы қызмет атқарған қариялар шығып, барлығын меремен құттықтап, әзіл әңгімелерімен бөлісіп, мәз-мейрам болды. Сонымен қатар, ортаға шығып, би билеп көңіл көтерді.

Жиын соңында, барлық қатысушылар ұйымдастырушы Қаскелең қаласының әкімі Әділбек Қамбарұлына ризашылығын білдіріп, демеуші болған «Аққу» мейрамханасының ұжымына алғысын айтты.      

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях