Қарасай ауданына жаңа әкім келді

Қарасай ауданына жаңа әкім келді

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активінің жиналысы болып, онда облыс әкімі Амандық Баталов ауданның бұрынғы әкімінің басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғанын хабарлады.

Алдымен Амандық Ғаббасұлы Қарасай жерінің өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлкен үлесі, аймақтың барлық көрсеткіштер бойынша облыста әрдайым алдыңғы орыннан көрінуіне қол жеткізгені үшін бұрынғы әкім Махаббат Бигелдиевке рахметін айтты.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен осы қызметке тағайындалған Жандарбек Далабаевты жиналғандарға таныстырды.

Жандарбек Ермекұлының екі жоғары білімі бар екенін, негізгі өмір және еңбек жолын және көп жыл мемлекеттік қызметте, оның ішінде, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім басқармасының басшысы, Жамбыл ауданының әкімі болғанын атап айтып, ел игілігіне арналған еңбегінің жемісті болуын тіледі.

Мұнан кейін аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев сөйлеп, қарасайлықтардың Махаббат Сәдуақасұлына деген зор алғысын жеткізіп, Жандарбек Ермекұлына жаңа жұмысында сәттілік тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях