Алматыдағы кейбір мектептерде дәстүрлі білім беріледі

Алматыдағы кейбір мектептерде дәстүрлі білім беріледі

Алматыдағы 8 арнайы түзету мектеп-интернаты мен бір орта мектепте білім беру дәстүрлі түрде жүргізіледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шешім мектептердегі бала санының аздығына байланысты қабылданды. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте  қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.
Аталған сала мамандарының мәліметінше, қала бойынша 90 мектепте 1-ші және 2-ші сыныптарға арналған 193 кезекші сынып жұмыс істейді. Мектептерде санитарлық талаптар толық сақталатын болады.
Сабақтың ұзақтығы 40 минут, ал үзіліске әр сынып әр уақытта шығады.
– Алматы қаласында 8 арнайы түзету мектеп интернаттарының бастауыш сынып оқушылары оқытуды дәстүрлі түрде ұйымдастыратын болады. Себебі бұл мектептің сыныптарда оқушы шамамен 10-12 адамды құрайды. Биылғы оқу жылында осы мектеп-интернаттардың бастауыш сыныптарында 1034 оқушы 90 сынып комплектісінде білім алады. Сонымен қатар, медеу ауданындағы Сұлусай ықшамауданында орналасқан нөмірі 197 мектепте оқушы санының аз болуына байланысты оқыту дәстүрлі түрде іске асырылады, – дейді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях