Алматыда демалыс күндері көшелер жабылады

Алматыда демалыс күндері көшелер жабылады

Алматы қаласында жаяу жүргіншілер серуендеуі үшін автокөліктер қозғалатын кейбір көшелер жабылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.

– @Askar_Baitassov жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар, — деп жазды қала басшысы.

Айта кетейік, қала өміріндегі өзгерістер туралы ақпарат бүгін кәсіпкер Асқар Байтасов Twitter-де жарияланған еді. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер ақпаратты алдымен жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях