Алматыда блок-бекеттер енді болмайды

Алматыда блок-бекеттер енді болмайды

Ертеңнен бастап тұрғындар Алматы қаласына емін-еркін кіріп-шыға алады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында блок-бекеттер ертеңнен бастап болмайтынын айтты. @sagintayev.b – 1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл — коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін. Осы 2,5 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар, деп жазды қала әкімі Б.Сағынтаев өзінің жазбасында.

Алматы қаласына кіріп-шығу рұқсат етілгенмен кейбір шектеу шаралар әлі де сақталу керек. Шаһар басшысы белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях