Алматыда қандай нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ?

Алматыда қандай нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ?

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында шаһардағы бірнеше нысандар мен кәсіпорындардың уақытша жұмыс істеуіне рұқсат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Ойын-сауық шараларын, спорт, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, конференциялар, көрмелер, форумдарға да рұқсат жоқ. Караоке, қорқор, бильярд орындары, компьютер клубы, букмекерлік кеңсе, түнгі клубтар, боулинг орталық, аттракциондар, фудкорттар, кинотеатрлар және ересектер мен балаларға арналған көңіл көтеру орындары да жұмыс істемейді. Мұражайлар, діни нысандар, сонымен бірге, қалалық және қоғамдық жағажайлардың бассейндері, ашық аквапарктердің жұмысына тыйым салынған,– деді Жандарбек Бекшин.
Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері дүйсенбіден бастап бірқатар нысандардың жұмысы қайта жанданатынын да мәлімдеді.
– 17 тамыздан бастап сауда орталықтары, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, сән салоны мен орталықтарының, шаштараздардың, SPA-орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Айта кету керек мұнда адам санына шектеу қойылған. Яғни, 5 келушіден артық қабылдауға болмайды«», – дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, алматылықтарға саябақтарға, алаңдарға, жағалауға, баруға болады. Бірақ 1 метрлік әлеуметтік қашықтықты қадағалау керек.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях