ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ(ВИДЕО)

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ(ВИДЕО)

Жылыту маусымының алдында өзекті тақырыптардың бірі көмір мәселесі екені баршаңызға мәлім. Еліміз бойынша күз мезгілінің алғашқы айы да аяқталып, қысқа деген дайындық жұмыстарын пысықтау басталып кетті. Ал, біздің ауданымызда көмір отынның жеткізілу жағдайы қай деңгейде? Осы тақырыпты қозғасақ? Иә, көпшіліктің көкейінде биыл көмір жетіспей қалар ма деген алаңдаушылық та болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, ағымдағы жылы көмір тапшылығы мәселесі болмайды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, осы жылғы жылыту маусымына аудан тұрғындары үшін 22 798 тонна қатты отын қажеттілігі есептелген. Ал, бүгінгі күні 10 көмір тұйығы аудан тұрғындарын қара отынмен қамтамасыз етуде. Сатылымдағы олардың бағасы

– 13 500 теңгені құрап отыр екен. Құзырлылар теміржол тұйықтарында 6000 тоннаға жуық көмір қоры жинақталып, жергілікті халыққа еркін сатылып жатқанын және отын тапшылығы болмайтынын алға тартуда. Сондай-ақ, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Нағашыбаев қара отын бағасының тұрақты болуын да назарға алатынын айтты. Оның сөзінше, былтырғы жылыту маусымында қара отын тапшылығы мәселесі тіркелмеген. Биылғы қысқы маусымға жауапты мамандар тұрғындарға жылыту ошақтарын алдын-ала дайындап, қауіпсіздік шараларына баса мән беріп, жіті назарға алуларын ескертуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях