Жылу беру маусымына дайындық пысықталды

Жылу беру маусымына дайындық пысықталды

Бүгін аудан әкімінің орынбасыры Қанат Аймановтың төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық жөніндегі аудандық штабтың отырысы өтті. Жиында бірқатар сала басшылары хабарлама жасап, маусым кезінде қолға алынған жұмыстардың барысы сараланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ауданымыздың мемлекеттік мекемелері мен электр және жылу энергиясымен, газбен және сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қатысқан бас қосуда алдымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Нағашыбаев атқарылған жұмыстарды тізбелеп, қазіргі ахуал барысын баяндады. Оның айтуынша, биыл ауданымызда жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Жылыту маусымына қазірдің өзінде 53 мектеп, 10 балабақша, 33 денсаулық сақтау нысандары мен 307 көп пәтерлі тұрғын үйлер әзір. Сонымен қатар, Шамалған бекетінде орналасқан қоймаларға 2020-2021 жылы 425 000 тонна көмір жеткізу жоспарланған. 2020 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін көмірмен қамтамасыз етуші мекемелер тарапынан тұйықтарға 143 780 тонна, мамыр айынан бүгінгі күнге дейін 81 035 тонна көмір жеткізіліп, оның 69 035 тоннасы сатылды. Бүгінде тұйықтарда 12 000 тонна көмір бар.

[su_custom_gallery source=»media: 25195,25194,25193,25192,25191″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Мұнан бөлек жиын барысында аудан әкімінің орынбасары бүгінгі жиынға келген әр мекемелердің өкілдері мен отырысқа «Zoom» арқылы қатысқан округ әкімдерінен жылыту маусымына қаншалықты дайын екенін сұрап, олардың тарапынан көтерілген мәселелердің шешілуін бақылауды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына тапсырды.

Отырысты қорытындылаған Қанат Сабырұлы алдағы жылу беру маусымы қазіргі ең басты шаруа екендігін тағы бір шегелей айтып, оны ешқандай кедергісіз өткізу қажеттігін айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях