Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мәдени-қоғамдық өміріне белсене араласып, сан алуан тақырыпта тартымды материалдар дайындайтын журналистердің кәсіби мерекесін бекітуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», – деп жазды президент өз парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін байланыс және ақпарат қызметкерлері күні 2011 жылдың 20 қазанындағы президент жарлығына сәйкес 28 маусымда тойланып келген болатын.