Жол айрықтың құрылысы қашан аяқталады?

Жол айрықтың құрылысы қашан аяқталады?

«Алматы – Бішкек» тас жолынан өтетін «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі жол айрықтың құрылысы биыл бітетін болды. Бұл туралы Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

«Алтын орда» базары маңайындағы жол пайдалануға берілгенімен, осы маңға жақын орналасқан «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі таға тәріздес аспалы көпірдің құрылысы әлі бітер емес. Қазіргі уақытта жұмыстың жанданып жатқанын да байқамаймыз.

Дәл осы мәселенің жай-жапсарын бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев түсіндірді. Айтуынша, құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты жұмыстардың барлығы уақытша тоқтатылған. Дегенмен жол айрықтың құрылысы биыл толығымен бітіп, асылармандықтардың игілігіне беріледі. Бұл ақпаратты аудан басшысы өзі растап, жергілікті тұрғындарға жеткізді.

Одан бөлек, жиын барысында Алматы қаласынан тұрғын үй кешенге дейін қатынайтын автобустардың соңғы аялдамасындағы жарықтың жоқтығы айтылды. Оған қатысты өтінішті «Асыл арман» халқының атынан сөйлеген Арғынбай Рысалдиев жеткізді. Аудан әкімі Жандарбек Далабаев осы мәселені зерделеу үшін оны округ әкімі Абылай Ысқақовқа жүктеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях