Жоба аясындағы жұмыстар бақылауда

Жоба аясындағы жұмыстар бақылауда

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы хал­қы­мыздың тағылымы мол тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерін елде жүргізіліп жатқан саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың өзегіне айналдыра отырып, әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын белгілеп бергені белгілі. Соған сәйкес, еліміздің әр өңірінде арнайы комиссиялар құрылып, жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты жұмыстар қарқын алуда.

Аптаның алғашқы күні аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаеваның жетекшілігімен, аталған мақаладан туындаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясындағы іс-шаралардың орындалу барысын бағамдауға арналған жиын өтті.

Жалпы, жеке адам үшін де, тұтас халық үшін де құндылық атаулы мате­риалдық және рухани болып екіге бөлінетіні айқын. Рухани байлықтың кемел, күшті болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де,  тұтастай еліміз үшін де өте маңызды. Өйткені, ақыл-ойы толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны анық. Елбасы әрдайым «Алдымен, экономика содан кейін саясат» деп айтып келеді. Яғни, осы күнге дейін халықтың жағдайын түзеу, еңсесін тіктеп, алдына мақсат қою басты мұрат болды. Ал, енді, қазіргі жаһандық бәсекелестік артып, түрлі технология мен тың идеялардың заманы туғанда біздің де санамызды жаңғыртып, рухани жетіле түсумен қатар, өткен тарихымыздың бағасы мен бағамын арттырып, қадірін асырудың уақыты келді. Өйткені, «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп қадап айтты мақаласында Мемлекет басшысы. Осының бәріне кеңінен тоқталған Айжан Нұрділдәқызы комиссия мүшелерінен қазіргі күнге дейін белгіленген жоспары бойынша жасалған жұмыстардың есебін сұрады.

Бұл ретте, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақ тілін латын қарпіне кезең-кезеңмен көшіру», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы» жобалары шеңберінде ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар тілге тиек етілді. Сондай-ақ, «Туған жер»  бағдарламасы аясындағы «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары бойынша көңіл толарлық бірқатар істің атқарылғаны айқын аңғарылғанын да айта кеткен жөн.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары бұл мәселе қазір жиналғандардың барлығының күн тәртібінен түспейтін маңызды жұмыстардың қатарына қосылуы керектігін, әрбір аудан тұрғыны Рухани жаңғыру бойынша дұрыс әрі толыққанды ақпараттандырылуы қажеттігін баса ескертті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях