Жібек жолы ауылдық округіне Дидар Нұрақынов әкім болып тағайындалды. Ол бұған дейін осы округ басшысының орынбасары қызметін атқарып келген, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
[su_custom_gallery source=»media: 44234,44235,44236,44232″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 36 бабының 4 тармағына сәйкес Нұрақынов Дидар Құрманжанұлы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі лауазымына 2024 жылдың маусым айының 03 жұлдызынан бастап аудан әкімінің №31 өкімімен тағайындалды. Осыған орай бүгін округ әкімдігінде орналасқан кітапханда аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жергілікті тұрғындарға және әкімдіктің ұжымына жаңа басшыны таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Ел сенімінен шығып, жауапты лауазымда абыройлы қызмет етуді тапсырды.
Айта кетейік, Нұрақынов Дидар Құрманжанұлы 1992 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейіннен 2014-2017 жылдары аралығында Жаңашамалған ауылдық округі әкімі аппаратының дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушысы болған. 2017-2018 жылдары Үшқоңыр ауылдық округінің дене шынықтыру және спорт әдіскері ретінде еңбек еткен.
2018 жылдың наурыз және маусым айлары аралығында Шамалған ауылды округінің бас маманы болып жұмыс жасаған. 2018 жылдың маусым айынан 2019 жылдың қараша айларында Жаңашамалған ауылдық округінің спорт жөніндегі әдіскері, 2019-2022 жылдары ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болған.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарған.