Алматы облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде 101 сәби дүниеге есігін ашты. Оның 53-і ұл, 58-і қыз бала, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірованың айтуынша, Жетісу өңірінде 8 наурыз күні 101 сәби дүниеге келді. Оның 12-сі облыс орталығы – Талдықорған қаласында тіркелді.
Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, жалпы 2020 жылы Жетісу өңірінде 54 130 сәби дүниеге келген.