«Жер сағаты» акциясы

0
4251

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин бекіткен 2018-2020 жылдарға арналған «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін, осы жылдың 24 наурызында «Жер сағаты» (Earth Hour) атты халықаралық акция өтеді. «Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайын наурыздың соңғы сенбісі күні өткізетін және халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Акцияны өткізудегі мақсат – әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.

Климаттың өзгеруіне қарсы бағытталған аталмыш шараға 170 мемлекеттен 2 миллиардқа жуық адам қатысады. Акцияға Қазақстанның кез-келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін, 24-наурызда 20:30-дан 21:30-ға дейін үйде, кеңседе жарықты сөндіріп, қордың http://www.earthhour.org/ сайтына Қазақстан белгісімен тіркелсе де болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь