Жемқорлықсыз ел — гүлденген ел

0
3035

Қазіргі кезде, ауданымызда қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда жемқорлыққа жол жоқ екендігін азаматтардың санасына сіңіру сынды іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Осындай жиынның бірі жуырда Шамалған ауылындағы Қарасай батыр орта мектебінде болды. «Жемқорлықсыз ел — гүлденген ел» атты дөңгелек үстелді «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Мадина Нұрланова жүгізіп, оған мектеп оқушылары қатысты.

Онда, жастарға кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұ­рақ­тардың бірі болып табылатыны түсіндіріліп, онымен қоса, ол мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шыға­ратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әке­ле­тіні күмәнсіз екендігі айтылды. Сондықтан да, Қа­зақстан Рес­публикасының мемлекеттік сая­са­тының негізгі басымдылықтарының бі­рі болып осы зұлымдықпен күресу болып та­былатыны да жастарға нақты жеткізілді. Ал, оқушылар өз тарапынан көкейінде туындағын сұрақтарын қойып, жауаптарын алып отырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь