2021 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Желтоқсан айында екі мереке бар – Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні.
Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда тойланады және сәрсенбіге сәйкес келді. Бұл күні ел тұрғындары алғашқы демалыс күнін өткізеді.
Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады. Екі мерекеден кейін бірден екі тұрақты демалыс болады – сенбі және жексенбі, яғни, 18 және 19 желтоқсан.
31 желтоқсан қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыс күні болып саналады. Өйтені, 2021 жылдың соңғы күні жұмаға сәйкес келеді.
Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар 4 күн қатарынан, яғни, 1, 2, 3 және 4 қаңтар күндері демалады.
Рождество, 7 қаңтар, жұмаға сәйкес келгендіктен, демалыс күндері үш күнге созылады.
Жалпы, 2022 жылы қазақстандықтар барлығы 245 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады.