Жеке тұлғалардың банкроттығы тәртібі түсіндірілді  

Жеке тұлғалардың банкроттығы тәртібі түсіндірілді   

Қаржылық мүмкіндігі таусылып, қарызға белшесіне батқандардың мүддесі енді алдыңғы орында болады. Маңыздысы – заңның қандай боларында. Жеке тұлғаларға қаншалықты пайдалы екенінде. Жыл басында Президенттің жеке тұлғалардың банкроттығы туралы қабылдаған заң жобасы күшіне енді.  Өзін банкрот деп жарияланған азаматтардың өтініштері ертеңнен, яғни,  3 наурыздан бастап қабылданады. Осыған орай, бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен жиналыс өтті, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Басқосуда аталған заңның қабылдауына байла­нысты жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі туралы аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары Ғани Малдыбаев жиналғандарға кеңінен түсіндірді. Кірістер басқармасының өкілінің мәліметіне сүйенсек, елімізде банкроттықтың  үш түрі қарастырылған.  Бірінші соттан тыс банкроттық. Бұл үшін борышкердің меншікті мүлкі болмауға тиіс. Соттан тыс банкроттыққа жүгіну үшін борышкердің қарызы соңғы 12 айда төленбеген болуы шарт. Нақтысын айтқанда банкроттыққа берешегі 5 млн теңгеден аспайтын тұлғалар жүгіне алады. Егер жеке тұлға 2-3 ай төлемей, осы банкроттық рәсімге жүгіне алмайды. Ал әлеуметтік көмек алушыларға қатысты 12 ай бойы төлем болмауы тиіс деген талап ескерілмеген. Екіншісі – сот банкроттығы. Мұнда борышы 5 млн теңгеден асатындарға қатысты қолданылады. Бұл рәсіммен мемлекеттік кірістер органдары және аудандық басқармалар ай­налысады. Сот банкроттығы барысын­ да борышкердің мүлкі сауда-саттыққа сатылады. Жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы. Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға және рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салынады. Борышты өтеудің үшінші түрі – төлем қабілетін қалпына келтіру. Тұрақты табысы бар қазақстандықтар осындай процедураға өтініш беріп, сот арқылы қарызды бес жылға дейін бөліп төлейді. Борыш көлемі меншіктегі мүліктің құнынан аспауы керек. Бұл ретте азаматтар банкрот деп танылмайды. Ал шетелге шығуға шектеу жоқ.

Бүгінде азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы төмен. Банктегі қарызын өтей алмай жүргендер көп. Осыдан кейін «Банкрот болсам, мемлекет қарызымды кешіре салады» деп жеңіл ойлайтындар бар. Банкрот болған азамат 5 жыл ішінде микроқаржы ұйымдарынан және банкттерден несие ала алмайды. Тіпті, үш жыл бойы оның кірістері бақылау жасалынады. Ал, өзін бір рет банкрот деп жариялаған азамат екінші рет тек жеті жылдан кейін бұл көмек түрін қолдана алады.

Мамандар аудан  тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға ашық әрі нақты жауап берді. Тағы бір ескертетін жайт, дүние мүлкін жасырып, жалған банкроттық жариялағандар үшін үлкен көлемде айыппұл қарастырылған. Сондықтан сала мамандары қаржылық шарттың тым ауыр екенін айтты.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях