Жеңімпаздарға құрмет көрсетті

Жеңімпаздарға құрмет көрсетті

Жуырда Атырау қаласында Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының 5-ші спартакиадасы өткен болатын. Оған Алматы облысының барлық аудандарының спортшылары қатысып, командалық есепте Жетісу өңірін бірінші орынға шығарып, жеңіспен қайтқан еді. Бір қуантарлық жәйт, аталмыш жарысқа барған Қарасай ауданының «Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясының 22 қатысушысының барлығы  жүлдемен оралған. Оның ішінде 5 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль бар.

Жалпы, жоғарыда аталған сайыста спортшылар жеңіл атлетика, суға жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, оқпен ату, волейболды отырып ойнау, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, пара таэквондо және дзюдо спорт түрлері бойынша сайысқа түскен. Барлық жігерлі жеңімпаздарымыз қолдан келгенше аянбай, тер төгіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, туған елгі, жерге деген сүйіспеншіліктерін айғақтап, өнерлерін ойдағыдай көрсеткен. Бұл жарыс қыркүйек айының 14 мен 25 күні аралығында өткен. Ал, осы жеңіспен оралған жерлестерімізге арнап, Мүгедектер күніне орай «Royal Orser» мейрамханасы ұжымының демеушілігімен жақсы кеш ұйымдастырылды. Мұндай игі іске, «Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясының жетекшісі Тәжіғали Ходжамұратов ризашылығын білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандар атынан ерекше алғысын айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях