Қазіргі таңда, кейбір жастар діни сауаттылығының төмендігінен жат ағымдардың құрбаны болуда. Сонымен қатар, ақыл тоқтатқан, ересек адамдардың наным-сенімнің мәнісіне бармай, дұрыс жолдың ара жігін ажырата алмай адасып жатқандары жеткілікті. Осы мәселені алға тартып, жуырда, Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында «Жастар жəне Дін» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға «Көжекбай» мешітінің бас имамы Қарабазар Мақсұтұлы қатысып, жастармен сұхбат жүргізді. Онда ұлттың бүгіні мен келешегі саналатын болашақ ұрпаққа рухани жетілуі үшін және дәстүрлі ислам діні жайында көптеген ақпарат берілді. Бұдан бөлек, Қ.Мақсұтұлы халықаралық және еліміздегі діни ахуал туралы, ондағы жастардың орны мен рөлін туралы әңгімелеп, кез-келген әлеуметтік желілердегі дінді уағыздайтын сайттардан аулақ болу қажеттігін айтты. Кездесу соңында белсенділер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алып отырды.