ЖАСТАР – ҚУАТТЫ КҮШ

ЖАСТАР – ҚУАТТЫ КҮШ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласымен мен де зейін қоя танысып шықтым. Онда қазіргі  кездегі дүние жүзін жайлаған  коронавирус індетімен күрес, соған  байланысты мемлекет тарапынан атқарылып жатқан  ауқымды жұмыстар, халыққа  көрсетілетін  көмек-қолдау жайында жан-жақты айтылған.

Сонымен қатар, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы осындай ауыр шақта  қазақстандықтар бұрынғыдан да  ынтымақты болуы керектігін, бір-біріне жәрдем беруі тиістігін, сондай-ақ, белгіленген тәртіпті  сақтауы қажеттігін де тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің осы мақаласында жастарға да ақыл- кеңесін беріп, олардың да ел игілігіне қосар үлесі мол екендігіне кеңінен тоқталды.

«Жаңа өскен – жас ұрпаққа айтарым: тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызға толасыңдар, – дейді Елбасы. – Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға  ұрпақ сендер үшін қолдан  келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын  кездерің келді.

Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі  істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор,  бір-біріңе дос болыңдар».

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бұл сөздері жүрекке жылы тиіп, барлық жастардың ойынан шығып отыр!

Қазақстан – бірлігі бекем ел. Оның өркендеуіне біз де үлесімізді қосамыз. Ал, мына қатерлі індеттен арылатынымызға да сеніміміз мол.

 

Айжан БАЛАЖАНОВА,

аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях