Жастар ұйымдастарған кезекті шара

Жастар ұйымдастарған кезекті шара

Бүгін аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен  «Уақытым менің – байлығым» тақырыбында жиын  өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

[su_custom_gallery source=»media: 12280,12281,12282″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Негізгі бұл шара аталмыш орталыққа жаңа қызмет, яғни, «психолог» маманының қосылғанын айту үшін ұйымдастырылыпты. Аудандағы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова психолог Мадина Кішкенбаеваны жиналғандарға таныстырды. Жаңа маман иесі өз кезегінде алдағы уақытта аймақтың жас буын өкілдерімен тығыз жұмыс жасайтынын айтып, жұмыс жоспарымен бөлісті.  Сондай-ақ, шара қатысып отырғандарға сурет салғызып, олардың қиялындағы мүмкіндіктерін тексеріп, психо-типтерін анықтау мақсатында шағын тренинг те өткізді.  Жиынға, сонымен қатар аудандық Әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы да қатысып, тақырып аясында біраз әңгімені орта салды. Бұл басқосуға басым көпшілігі колледж студенттері жиналғандықтан, тәжірибесі мол әжеміз өз өмір дерегімен бөлісіп, жастарға қазіргі уақытты тиімді пайдалу керектігін айтты. Жиын барысында, жас буын өкілдері ойларын білдіріп, пікір аламасып, бірқатар ақпараттан хабардар болды

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях