Жастар Елбасының жаңа кітабымен танысты

Жастар Елбасының жаңа кітабымен танысты

Өткен жылдың соңында, Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы жарыққа шыққан болатын.

Осыдан 27 жыл бұрын еліміздің жаңа дәуірі басталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіз мемлекетіміз құрылды.

Кітапта осы уақыт ішіндегі жетістіктеріміз сараланған.

Жуырда, аудандық кітапханада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабымен аудан колледждерінің студенттері де танысты. Кітап мазмұны туралы аудандық  Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мадина Нұрланова атап айтып, тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалған. Сондай-ақ, кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях