Жасөспірімдердің мәселесі – басты назарда

Жасөспірімдердің мәселесі – басты назарда

Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, бүгін аудан аумағына қарасты мешіттердің имамдарымен жиын өткізді. Бас қосуға қатысқандар дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындалу барысы туралы және кәмелет жасқа толмаған жасөсіпірімдер арасында  АХАЖ бөлімінде тіркелген неке қию туралы куәлігі болмаған жағдайда рәсімді өткізуге тиым салуы туралы мәселелерді талқылады.

Жиынға аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсет Нұрекенов, аудандық әкімдіктің бас маманы Айжан Ізбасар және Хәкім Оразай, Кеулімжай Жүнісбеков сынды дінтанушы мамандар қатысып, тақырыптың айналасында өздерінің ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге қатысты басқа да мәселелер көтерілді. Айтылған пікірлер ескеріліп, бірқатар имамның тарапынан ұсыныстар назарға алынды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях