Жас шахматшылардың сайысы

0
3461

Бүгінде әлемдік шахмат сайыстарында жүлдегер атанып, еліміздің даңқын көтеріп жүрген жастарымыз аз емес. Оның бірі 12 жасар алматылық шахматшы Жансая Әбдумәлік. Қазіргі кезде ол қыздар арасында гроссмейстер атағын алып, әлем бойынша биік дәрежені иемденген ең жас шахматшы болып есептелуде. Осы спортшымыз сынды қаншама жастарымыз үлкен жарыстарға қатысып, мықтылығын танытып, жүлделі орындармен оралуда. Сондықтан да болар, қазіргі кезде өскелең ұрпақтың спорттың шахмат түріне қызығушылығы күннен күнге артуда. Спорттың осы бір күрделі түріне ынталы жасөспірімдерді қолдау мақсатында біздің ауданымызда да көптеген сайыстар ұйымдастырылуда. Соның бір айғағы, кеше Кемертоған орта мектебінде өткен турнирді айтсақ болады. Оны Алматы қаласының «Белая ладия» шахмат клубы ұйымдастырып, оған бір және жетінші сынып аралығындағы 40 оқушы қатысты.

Жарыстың бас төрешісі, спорт шеберлігіне үміткер Дәулет Иманберлинов болды. Әр ойынның өзіне тән ержелері және барлық мемлекеттерге ыңғайлы қағидалар бары баршамызға мәлім. Бүгінде барлық жарыстар швейцариялық жүйеде. Бұл ойындада аталмыш үлгіде, яғни қарсыластарды компьютер өзі таңдап, жеті турдың ішінде мықтыны шығару арқылы өтті. Бір-бірінен озат шыққан балалар, қарсыластарын ұтуға барын салып отқаны айқын байқалды. Алайда, барлығын таза шах және матпен жеңген 5 сынып оқушысы Бақытжан Әли жеңіс тұғырынан көрінді. Одан кейін, 2-орынды Нұрлан Нұрмұхамед қанжығасына байласа, Қалитай Нұрасыл 3-орынды алды. Бұл екі шатматшыда да 5 сыныпта оқиды. Ал, қыздар арасында 4-сыныпта оқитын Ақниет Токенова 1-орынға табан тіреді. Барлық жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь