Жас палуандар сайысқа түсті

0
2476

Осы жұма мен жексенбі күндері аралығында Алтын ауыл мектебінде, белгілі қоғам қайраткері Д.А.Қонаевқа 105 жыл толуына арналған, 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен, еркін күрестен аудандық ашық турнир өтті. Бұл дүбірлі жарыста Шығыс және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы, Талдықорған және Түркістан қалаларынан, сонымен қатар, Жетісу өлкесінің өзге де аудандарынан келген 477 бала өзара күш сынасты.

Қызықты да, тартысты турнирді Мәскеу Олимпиадасы чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ашып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен, боз кілемде әдемі әдіс-тәсілімен көзге көрініп, шебер өнер көрсеткен жасөспірімдердің арасында шоқтығы биігі – Қарасай ауданының жас палуандарының да мерейі үстем болды. Атап айтқанда, 23 келі салмақта 1-ші орынды Құдайберген Ислам, 3-ші орынды Қуанышбек Медет алса, 32 келіде Рахимбаев Әліби де алғашқы орынды иеленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь